Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Африка елдерінде жыныстық қатынастан бас тарту қылмыстық әрекетке теңестірілді

Фото: freepik.com

Ганада жұбайына жыныстық қатынастан бас тарту екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ghana Web порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оти өңірі полиция комиссарының көмекшісі Деннис Фиакпуи сұхбатында ерлі-зайыптының бірінің екіншісіне төсек қатынасынан бас тартуын эмоциялық зорлық-зомбылыққа теңестіруге болатынын мәлімдеді.

Жоғары лауазымды полиция қызметкерінің айтуынша, мұндай әрекеттер үшін елдің Қылмыстық кодексінде жаза қарастырылған. Сөйтіп мұндай әрекет мінез-құлық тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды бұзу ретінде түсіндіріледі.

Фиакпуидің айтуынша, егер әйел күйеуіне жыныстық қатынастан бас тартса, ер адам бұл жағдайды қылмыс ретінде полиция бөлімшесіне хабарлай алады. Сол сияқты, егер күйеуі әйелінің көңілін қалдырып, оны жақындықтан шеттетсе, оның әзірлеген тамағын ішуден бас тартып, эмоциялық күйзеліс тудырса, әйел де полицияға шағымдануға құқылы.


Жігіттерден көңілі қалған әйел ChatGPT көмегімен жасалған күйеуге тұрмысқа шықты


Әйел ер адамның бүйрегін алу үшін тұрмысқа шығып, кейін оған ғашық болып қалған


Еске салайық, бұған дейін Үндістанның Шиллай ауылында ағалы-інілі бауырлар хатти дәстүрі бойынша бір қызға үйленгенін жазған едік. Үйлену рәсімі үш күнге созылып, барлық қатысушылардың келісімімен өтті. Бұл дәстүр таулы жерде отбасылық қауіпсіздік пен жердің бөлінбеуін қамтамасыз ету үшін сақталады.

Талқылау