Үздік жас ойыншы Дастан Сәтпаев: 2025 жылғы ҚПЛ үздіктері анықталды
Фото: “Қайрат” фк
Бүгін Елорда төрінде 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Салтанатты іс-шара барысында Премьер-лига, Әйелдер лигасы, Бірінші және Екінші лигадағы үздіктер марапатталды.
Алматылық “Қайрат” клубы сапынан екі бірдей футболшы үздіктер қатарынан көрінді. Дастан Сәтапаев үздік жас ойыншы атанса, Темірлан Анарбеков маусымның үздік қақпашысы деп танылды. Ал үздік бапкер “Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Уразбахтин болды.
2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының үздіктері:
- Үздік жас ойыншы – Дастан Сәтпаев (Қайрат);
- Үздік қақпашы – Темірлан Анарбеков (Қайрат);
- Үздік қорғаушы – Бағдат Қайыров (Ақтөбе);
- Үздік жартылай қорғаушы – Ғалымжан Кенжебек (Елімай);
- Үздік шабуылшы – Ислам Чесноков (Тобыл);
- Үздік бапкер – Рафаэль Уразбахтин (Қайрат).
Талқылау

