Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп америкалықтарды Таяу Шығыстан кетуге шақырды

Трамп америкалықтарды Таяу Шығыстан кетуге шақырдыФото: Аnna Moneymaker/Getty Images

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Мемлекеттік департамент қауіпсіздікке төнген елеулі қатерлерге байланысты америкалықтарды Таяу Шығыс елдерінен дереу кетуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

АҚШ мемлекеттік хатшысының консулдық мәселелер жөніндегі көмекшісі Мора Намдардың айтуынша, АҚШ өз азаматтарына қолжетімді коммерциялық рейстерді пайдалану және қажет болған жағдайда консулдық қызметтерге жүгінуді ұсынған. 

Тізімге Бахрейн, Мысыр, Иран, Ирак, Израиль, Газа секторы, Иордания, Кувейт, Ливан, Оман, Катар, Сауд Арабиясы, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктері және Йемен елдері кірді.

Мора Намдар Х әлеуметтік желісіндегі жазбасын 3 наурыз күні жариялады.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды америкалық әскерилер “барынша қыспаққа алып жатқанын” айтты. Алайда ең күрделі кезең әлі алда деді. Ол Иран тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және паналау орындарында болуға шақырды. Оның сөзінше, қазір ел көшелерінде жүру қауіпті.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды

Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.

Орын алған оқиғаларға байланысты Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, еліміз қазіргі қиын-қыстау шақта Бахрейн халқына тілектес екенін жеткізген еді. 

Талқылау