Ресейдегі тәжік баланың өлтірілуі: Путин Тәжікстан президентіне көңіл айтты
Фото: tass.ru
Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға Мәскеу маңындағы мектепте тәжікстандық баланың өлтірілуіне байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресей президенті кінәлілердің міндетті түрде жазаланатынына уәде берді.
“Кездесуімізді бірнеше күн бұрын қаза тапқан тәжікстандық баланың отбасына және сізге шынайы көңіл айту сөздерінен бастағым келеді. Балаларға қарсы жасалатын терактілер – аса жиіркенішті қылмыстар. Тергеу сөзсіз соңына дейін жеткізіліп, кінәлілер толық көлемде жазаланады", – деді Путин.
Еске салсақ, бұған дейін Ресейде жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасап, 10 жастағы тәжікстандық Кобилджон Алиевті пышақтап өлтіргені туралы жазған едік.
Талқылау