Әйел зергерлік дүкенде алтынның бағасын естіп, есінен танып қалды
Фото: pixabay.com
Түркияның Коджаэли провинциясында зергерлік дүкеннен бір грамм алтынның бағасын естіген сатып алушы әйел қатты шок алып, есінен танып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Дариджа ауданында болған. Ozgur Kocaeli басылымының жазуынша, бұл оқиға алтын бағасының күрт қымбаттауына қоғам назарын тағы да аударды. Зергерлік дүкендердің бірінде әйел бір грамм алтынның құнын білген сәтте талып қалған.
Кейінірек ол болған жайтты әлеуметтік желілерде әзілмен баяндап, бағаны естігеннен кейін есінен танып қалғанын жазды. Айта кетейік, бір грамм алтынның құны – 5 920 түрік лирасы, яғни шамамен 72 мың теңге.
Жарияланым желіде тез таралып, қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушылары қымбаттаған бағаларға наразылық білдіріп, мұндай бағаны естігенде шынымен де есінен тануға болатынын жазды.
"Алтын сатып алу қол жетпес арманға айналды", – деп түйіндеді пікір қалдырушылар.
Талқылау