Қор нарығында доллар 5 теңгеге қымбаттады
Фото: depositphotos.com
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетел валюталары бойынша сауда-саттық қорытындысы бойынша, АҚШ долларының бағамы 502,6 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жұмыс күнімен салыстырғанда 5 теңгеге жоғары. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Kurs.kz порталының бүгін сағат 15:30-дағы мәліметіне сүйенсек, елдің ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде қолма-қол доллар бағамы әртүрлі деңгейде қалыптасты.
Астанада долларды сатып алу бағасы 497-498 теңге аралығында болса, сату құны 504-505 теңге аралығында белгіленген. Алматыда сатып алу бағамы 498-503 теңге, ал сату бағасы 501,9-506 теңге шамасында. Шымкент қаласында долларды сатып алу 500-501 теңге, сату 502,5-503 теңге деңгейінде тіркелді.
Әлемдегі ең ірі үш экономика анықталды
Еуро бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Орташа бағамы 589,01 теңгені құрап, өсім бір теңгеге де жетпеді.
Айырбастау пункттеріндегі қолма-қол еуро бағамы да өңірлерге қарай әртүрлі. Астанада еуроны сатып алу 584-585 теңге, сату 594-595 теңге аралығында. Алматыда сатып алу бағасы 577-591 теңге болса, сату 592,4-599 теңге деңгейінде. Шымкентте еуроны сатып алу 585-590 теңге, сату 590-595 теңге аралығында белгіленген.
Еске салсақ, осыған дейін Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық валюта қорының Қазақстан экономикасының “қызып кетуі” мүмкін деген болжамына қатысты пікір білдірген еді.