Қазақстандық балуан халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды
Фото:ҰОК
25 ақпан мен 1 наурыз аралығында ұйымдастырылған Албания астанасы Тиранадағы Muhamet Malo Ranking Tournament халықаралық бәсекеде Болат Сақаев қола жүлде еншіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еркін күрестен 86 келіде сынға түскен ол жартылай финалға дейін жеткен еді.
Алайда Сақаев жартылай финалда грек балуаны Георгиос Куюмцидиске есе жіберді.
Отандасымыз қола жүлде үшін тартыста түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтан айласын асырды.
Айта кетейік, Болат Сақаев 2023 жылғы Азия чемпионы, ал 2025 жылы күміс жүлдеге ие болған.
Талқылау