Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барды

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президентті "Пулково" халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.
Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласында болады. Ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатыспақ.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес – Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ең жоғары органы. Ол одақ шеңберінде интеграцияны дамыту стратегиясын, бағытын және перспективаларын анықтайды. Сондай-ақ Одақ елдері үшін міндетті негізгі шешімдер қабылдайды (бюджет, жаңа мүшелер немесе бақылаушылар туралы).
Талқылау