Допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлы бір жылға бокстан шеттелді
Фото:Theranking
Допинг дауына байланысты қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты World Boxing Organization (WBO) ресми шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәнібек Әлімханұлы бір жылға, яғни 2025 жылдың 2 желтоқсанынан 2026 жылдың соңына дейін кәсіпқой бокстан уақытша шеттетілді.
Енді ол 2026 жылдың соңында шаршы алаңға қайта оралып, уақытша чемпиондық белбеу иесімен жекпе-жек өткізуі тиіс.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылы желтоқсан айында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуға тиіс болған.
Алайда VADA жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталғандықтан, айқас өтпей қалды.
Кейін Әлімханұлының командасы спортшы допинг қолданбағанын айтып, екінші сынама тапсырды. Бірақ “B” сынамасында да ағзасында допинг бар екені расталды.
Талқылау