Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық BAE Systems компаниясы Air Astana-дағы үлесінің бір бөлігін сатты

Фото: airastana.com

Британиялық BAE Systems компаниясы Air Astana әуе компаниясындағы 10,1%-дық үлесін 52,2 миллион долларға сатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

BAE Systems Limited жеделдетілген букбилдинг аясында Air Astana компаниясының 9 млн ғаламдық депозитарлық қолхаттарын (GDR - Global Depositary Receipt) әр қолхат үшін 5,80 доллар бағасымен сатты. Бұл мәміле компанияның акционерлік капиталының шамамен 10,1%-ына тең, ал есеп айырысу 2025 жылғы 22 желтоқсанға жоспарланған.

Сатылымнан кейін BAE Systems өзінде 6 109 982 ғаламдық депозитарлық қолхаттарды сақтап қалды, бұл Air Astana акцияларының шамамен 6,9%-ына сәйкес келеді.

Айта кетейік, BAE Systems – негізінен жойғыш ұшақтар мен сүңгуір қайықтар өндіріп, әскери жобалардан табыс табатын британиялық қорғаныс корпорациясы. BAE Systems 2001 жылы, Air Astana әуе компаниясы ашылған кезеңде, оған шамамен 10 миллион долларға жуық инвестиция жасаған.

Еске салсақ, бұған дейін "Air Astana" компаниясының бас директоры Питер Фостердің 2026 жылдың наурыз айында қызметінен кететіні туралы жазған едік. Компанияның жаңа бас директоры болып қазіргі қаржы директоры Ибрахим Жанлыел тағайындалмақ. 

Талқылау