Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда бір топ жігіт полиция қызметкерлерін соққыға жықты (видео)

Атырауда бір топ жігіт полиция қызметкерлерін соққыға жықты (видео)Фото: Видеодан скрин

Мақат ауданында бір топ жігіт полиция қзыметкерлеріне шабуыл жасап, салдарынан тәртіп сақшылары зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тәртіп сақшылары қызмет барысында болған.

Облыстық полиция департаменті 3 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Мақат ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алғанын хабарлады.

“Тексеру барысында бір топ азамат агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне күш қолданған. Соның салдарынан екі қызметкер зардап шекті”, – деп мәлімдеді ведомство.

Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылданды. Сондай-ақ билік өкілдеріне күш қолдану фактісі бойынша “Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану” бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Талқылау