Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы LRT пойызы қашан іске қосылатыны белгілі болды

Астанадағы LRT пойызының қашан іске қосылатыны белгілі болды

Фото: GTS

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте LRT жобасы алдағы айларда толық іске қосылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жүйе биылғы қыркүйек айынан бастап тест режимінде жұмыс істеп жатыр. Қазір қажет вагондарды жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық құрамды желтоқсан айының соңына дейін толық әкелу жоспарланып отыр.

“Тест режимі үш айдан алты айға дейін жалғасады. Алдағы бір-екі айдың ішінде барлық тексеру жұмыстары аяқталып, LRT жолаушыларды толыққанды тасымалдауға көшеді”, – деді Астана қаласының әкімі.



Айта кетейік, Алматыда LRT желісін 2040 жылға дейін салу тағы да жоспарланып жатқаны туралы жазған едік.

Талқылау