Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Мұсылман жұрты үшін қасиетті Рамазан айы биыл 19 ақпанда басталып, 19 наурызда аяқталады. Ал Ораза айт мерекесі 20 наурызға сәйкес келеді. Наурыз айының 16-сынан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні. Осы орайда Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің өзге де қалаларына арналған 2026 жылғы ауыз бекіту мен ауыз ашар уақыттарының кестесін назарларыңызға ұсынамыз.

 

Талқылау