Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 2026 жылдан бастап қант диабетін емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыныі мәліметінше, Қазақстанда қант диаебетімен шамамен 500 мың адам өмір сүреді. Бұл сырқат бір реттік еммен емделмейді, оны тұрақты түрде бақылау қажет. Сондай-ақ оған талдаулар тапсыру, кеңес алу және емді түзету кіреді.
Осылайша, 2026 жылдан бастап қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу және диспансерлік бақылау МӘМС жүйесіне енгізіледі.
МӘМС жүйесінде бар науқастар дәрігерге жоспарлы қабылдау, диагностикалық процедуралар және дәрі-дәрмектерді қосымша ақысыз ала алады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы мәртебесін алу үшін ең аз дегенде 12 ай бойы жарналар төлеу қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ай сайын 4 250 теңге мөлшерінде жарна төлейді, жылдық төлемдердің жалпы сомасы – 51 мың теңге.
Мәртебені тексеруге болады:
-
Telegram-дегі SaqtandyryBot арқылы;
-
ФСМС сайты msqory.kz арқылы;
-
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы;
-
eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы;
-
Сондай-ақ кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.